Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен 39 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен 39 адам жараланды

24.04.2018

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Адыяман провинциясында жер сілкінді. 5,2 балдық зілзаладан 39 адам жапа шеккен. Олардың 35-сі ауруханаға жатқызылды.

Бұдан бөлек, аймақта талай ғимарат зақымданған. Кейбірінің қабырғалары мүлдем қирады.

Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарымен күресу басқармасы бұл дүмпуді Адыяман провинциясының Самсат ауданында жергілікті уақытпен түнгі сағат 3:34-те тіркеген. Оның ошағы он шақырым тереңдікте анықталды.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу