Париждегі лагерьден босқындар көшіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париждегі лагерьден босқындар көшіріліп жатыр

07.11.2019

Франция астанасы Парижде заңсыз мигранттар лагерінен адамдар көшіріліп жатыр. Қаланың солтүстік-шығысындағы уақытша екі қоныстан 1200-дей босқынды шығару жоспарланған. Олардың көбі – Сомали, Ауғанстан және Чад мемлекеттерінің тумалары. Бұл операцияға 600 полиция қызметкері жұмылдырылды. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, шатырларда санитариялық жағдай нашарлап, қылмыс артқан.

Мигранттар босқындарды қабылдау орталықтары мен 15 гимназия ғимаратына уақытша орналастырылып жатыр. Жіті тексерулерден кейін, жергілікті билік оларға қатысты әрі қарай шешім шығарады. Осылайша, Франция миграциялық саясатты күшейтіп, заңсыз босқындармен күресуді мақсат етіп отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу