Мереке Қызылорда облысында да сән-салтанатымен тойлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мереке Қызылорда облысында да сән-салтанатымен тойлануда

01.05.2016
Мереке Қызылорда облысында да сән-салтанатымен тойлануда
Шаһардағы түрлі этномәдени орталықтар көпшілікке мерекелік концерт ұйымдастырды.

Айшықты мереке Қызылорда облысында да сән-салтанатымен тойлануда. Бір шаңырақ астына ұйыған әр ұлыс өкілдері береке-бірлікті ту етіп, орталық алаңда думанды шара ұйымдастырды.

Алты Алашқа пана болған Сыр өңіріндегі түрлі ұлыстар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Биыл оныншы мәрте тойланған бірлік күніне орай шаһардағы түрлі этномәдени орталықтар көпшілікке мерекелік концерт ұйымдастырды.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу