Павлодарда «Ұлы дала өнерпаздарының керуені» көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Ұлы дала өнерпаздарының керуені» көрмесі өтті

07.11.2019

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодарда «Ұлы дала өнерпаздарының керуені» атты көрме өтіп жатыр. 

Мақсаты - құнды жәдігерлерді көпшілікке жария ету арқылы өңірдің тарихи шежіресін жасау, қолөнершілер, фотосуретшілер, мүсіншілер және атбегі, құсбегілердің өнерін паш ету. Көрмеде наурыз айынан бері осы бағытта өткізілген жұмыстардың нәтижелері таныстырылды. Айта кету керек, бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру шарасы аймақтың барлық аудандарымен қатар, шалғай ауылдарда тегіс өткізілді. Тұрғындар облыс орталығындағы танымал ақын-жазушылар, өнерпаздар, ұлттық киім шеберлерімен көзбе-көз кездесіп, олардың шығармашылығымен танысты. Тәжірибе алмасты. 

Алмагүл Бұзаубаева, «Шаңырақ» ұлттық мәдени орталығының бөлім меңгерушісі: 

Ауылымыз сондай рухани байлық алып, жаңғырып, жаһанданып, түлеп қалды. Негізгі мақсатымыз - ежелден келе жатқан салт-дәстүріміз, әдеп-ғұрпымызды, көшпенді халықтың ұлттық тағамдарын, қолөнер шеберлерін тану және халыққа таныту.

Болат Аманбаев  

Хабарламаларға жазылу