Омбыда суретші Амангелді Шәкеновке ескерткіш орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Омбыда суретші Амангелді Шәкеновке ескерткіш орнатылды

07.11.2019

Ресейдің Омбы қаласында суретші Амангелді Шәкеновтің құрметіне ескерткіш қойылды. Ол Қазақстан консулдығының жанында орналасқан. 

Амангелді Шәкеновтың шығармашылығы Қазақстан мен Сібірдің заманауи көркем өнерінің дамуына үлес қосты. Ескерткіштің ашылуына қатысқан Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов Амангелді Шәкеновтың екі ел арасындағы рухани байланысты дамытуға өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. Ескерткішті мүсінші Мейрам Баймұханов қола мен граниттен жасаған. Орындықта ойға шомып отырған Амангелді Шәкеновтің мүсіні мен оның артында мольберт тұр. Тұғырға «Амангелді Шәкеновке - суретші және ұстазға» деп жазылған.

Иманғали Тасмағамбетов, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі: 

Белгілі шебер, Ресей мен Қазақстанның суретшілер одағының бірдей академигі Амангелді Шәкеновке арналған ескерткіш ашылып отыр. Сөз жоқ, ол өмірін екі ел арасында рухани көпір салып, мәдениеттің таусылмас жолын төсеген ардақты азаматқа лайық құрмет. Ендеше Омбының төрінен мәңгілікке орын алған асыл ағамыздың рухы асқақтай берсін.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу