Петропавлда тропикалық көбелектер көрмесі өтіп жатыр

06.11.2019

Петропавлда тропиканы мекендейтін көбелектер көрмесі өтіп жатыр. Филиппин аралдары мен Коста-Рикадан әкелінген әсем қанаттылар қызылжарлықтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. 

Жалпы, мамандардың айтуынша әлемде көбелектердің түрі 157 мыңнан асады. Олар өз ішінде улы және зиянсыз болып екіге бөлінеді. Ал бұл көрмедегі бунақденелілер тез өліп қалмауы үшін ылғалдылығы 70 пайыздан кем емес 26 градус температурада ұстау керек. Соның өзінде ұзақ өмір сүрмейді, бар болғаны 1 апта ғана көз қуанышына айналады екен.

Кристина Партенадзе, әкімгер:

Көбелектердің көбі ешкімге зияны жоқ, бунақденелі жәндіктер. Оларды біз Филиппин мен Коста-Рикадан ұшақпен жеткіземіз. Ыстық жақтан алып келген соң, жоғары температураға үйренген. Апельсин, нектарьмен коректенеді. Тек олар тамақ ішетін кезде, жарық түсіп тұрса болғаны. Адамдардың қолына да қона береді. Бірақ көбелектердің барлығы бірдей емес. Орманда мекендейтіндерінің кейбірі тіпті улы да болуы мүмкін.

Сағындық Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу