Қарағандыда тропикалық құстардың көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда тропикалық құстардың көрмесі өтті

21.03.2014
Қарағандыда тропикалық құстардың көрмесі өтті

Қарағандыда тұңғыш рет тропикалық құстардың көрмесі өтті. Ерекше көрмеде жұртшылық Оңтүстік Америка мен Бразилия, Панама, Африкада мекендейтін қанатты тіршілік иелерін тамашалады.

 
Мұнда тропикалық құстардың 20-дан астам түрі қойылыпты. Құстардың басым көпшілігі «Қызыл кітапқа» енгізілген.
 
Айта кету керек, жылжымалы көрме еліміздің Семей, Кереку өңірлерінде болыпты. Жоспар бойынша Қазақстанның барлық аймағын аралап шықпақ.
 
Владислав Баязханов, көрмені ұйымдастырушы:
Құстарды алып жүру - оңай емес. Оларға ерекше күтіммен қараймыз. Қарағандының климаты құстарға әсер ете қойған жоқ. Көрмеге келген тұрғындар құстарды жақынырақ көріп, қолмен ұстауларына рұқсат етеміз.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу