Парижде студенттер мен зейнеткерлер шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде студенттер мен зейнеткерлер шеруге шықты

19.12.2018

Парижде жүздеген студент пен зейнеткер шеруге шығып, үкімет реформаларына қарсылықтарын білдірді. Соңғы деректерге қарағанда ел астанасында бірден екі жерде наразылық акциясы болған. Бірі экономика министрлігінің ғимаратының алдында, екіншісі орталық университеттердің бірінің маңында болған. Егде жастағылар зейнетке шығу мерзімінің ұзарғанына, сондай-ақ, салықтардың тым шарықтап бара жатқанына наразы. Ал, жастар болса, университеттерде әкімшілік тарапынан әділетсіздіктер белең алды деп шағымдануда. Олардың пікірінше, ауыл жастарына оқу ақысында жеңілдіктер жасалғаны басқа студенттердің құқығын шектейді.

Айта кетейік, елде шерулер толқыны шамамен бір айға созылып келеді. Басында жанармай бағасының қымбаттауына қарсы басталған демонстрациялар, полициямен қақтығыстарға әкеліп, елде тәртіпсіздіктер орнап жатыр.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу