Белгілі қазақстандық актриса Раиса Мұхамедиярова өмірден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгілі қазақстандық актриса Раиса Мұхамедиярова өмірден өтті

05.11.2019
Белгілі қазақстандық актриса Раиса Мұхамедиярова өмірден өтті

Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова 1939 жылы 11 шілдеде Семей облысында дүниеге келген. Театр және кино актрисасы. Бірнеше жылдар бойы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жасөспірімдер мен балалар театрының сахнасында өнер көрсетті. Көпшілікке қазақ киноөнерінің алтын қорына енген «Менің атым Қожа» фильміндегі Майқанова рөлімен танымал.  

Одан бөлек, актриса «Балалық шаққа саяхат», «Балам менің», «Бұғы адам», «Найзатас етегінде», «Қанабек», «Айсұлу туралы ертегі», «Желкен», «Менің әпкем», «Түнек әміршісі» фильмдерінде ойнады. Соңғы рөлдерінің бірі «Астана - махаббатым менің» фильміндегі Бану әже рөлі.

Хабарламаларға жазылу