Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысына үстемақы қосылады

03.11.2019

Үкімет басшысы А. Мамин ШЫҰ аясында экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша бастамалар топтамасын ұсынды, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ол Ташкент сапары аясында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Үкіметтер басшылары кеңесінің 18-ші отырысына қатысып, сауда-экономикалық, цифрлық, көлік және басқа да салалар ынтымақтастықты нығайту бағытында бірқатар бастамалар көтерген.

Мысалы, бақылаушы мемлекеттердің Ұйымға мүше мемлекеттердің теміржол саласына қатысуын кеңейтуді, жүктерді автомобильмен тасымалдау үшін рұқсат бланктерін берудің автоматтандырылған жүйесін енгізуді жеделдетуді ұсынған.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев тамызда twitter-дегі парақшасында былай деген: Менің атыма науқас балаларға арналған балабақшалар мен мектептердің тәрбиешілерінен олардың құқықтарын мұғалімдермен теңестіріп, жалақыларын көбейту жөнінде өтініштер келіп түсуде. Үндеріңіз маған жетті. Келесі жылы Үкімет осы мәселені қарастырады.

Олардан бөлек, сырқаты емделмейтін ересек науқастарға арналған мекемелер қызметкерлерінің де еңбегі ауыр, бірақ айлығы өте төмен. Көпсалалы медициналық орталық басшылары: -бірде бір медбике, бірде бір санитарка бір ставкаға жұмыс істемейді. Өйткені бір ставкамен жұмыс істейтін болса, біз жұмыскер таппай қаламыз, деп отыр.

Ал олардың өздері: Ішкі дүниең қанша елжіреп тұрса да, айлық аз болғаннан кейін маман тұрақтамайды, себебі көбінде баспана жоқ, бірнеше кредиті бар, деді. Ал әлеуметтік қызметкерлердің ақ жүрегінің өзі бір күні морт сынбайды кім айтты?

Ақерке БЕКТАС 


Хабарламаларға жазылу