Қауіпті індетпен күресіп жатқан 26 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысына үстемақы қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қауіпті індетпен күресіп жатқан 26 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысына үстемақы қосылады

31.03.2020

Осындай кезеңде ауру жұқтыру қаупіне қарамастан аянбай тер төгіп етіп жүрген ақ халаттылардың еңбегі зор. Күні кеше, Президенттің пәрменімен 26 228 маманның жалақысына үстемақы қосылғанын айтқан болатынбыз. Ақ халаттылар енді төтенше жағдай кезінде 400 мыңнан бір миллион теңгеге дейін еңбекақы алады.  

Қазақстанда короновирус сынамасын жүргізуге мүмкіндік беретін 10 зертхана ашылмақ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баспасөз брифингінде осылай деп мәлімдеді. Министрдің сөзінше, зертхананың үшеуі Нұр-Сұлтан қаласында, үшеуі Алматыда және қалғандары еліміздің өзге аймақтарында іске қосылады. Егер бұл нысандар іске қосылса 12 мың адамды вирустық сынамадан өткізуге мүмкіндік туады. Қазірдің өзінде республика бойынша 19 зертхана жұмыс істеп жатыр. Осы уақытқа дейін жалпы 25 мыңға жуық тест жасалған. Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан 380 мың тест тегін түрде өткізіледі. Ол негізінен созылмалы ауруы бар азаматтарға, қарт адамдарға, шетелден келген азаматтарға, медицина қызметкерлері мен полиция өкілдеріне жасалады.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу