Оқушыларды кәсіпкерлікке үйретпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушыларды кәсіпкерлікке үйретпек

01.11.2019

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы еліміздегі оқушыларды бизнес әліппесіне жаппай үйретуге ниетті. Қазіргі таңда мұндай қосымша сабақтар ел бойынша 17 мектепте бар. Оған арнайы оқулық та әзірленген. 

Екі жыл бұрын шыққан кітаптың кем-кетігі түзетіліп мұғалімдер мен кәсіпкерлердің пікірі ескерілген. «Енді осы тәжірибені бүкіл мектептерге енгізу керек», - дейді палатағылар. «Сондай-ақ, білім саласындағы инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану үшін бизнес пен мемлекеттің өзара әріптестігін де нығайтқан жөн», - дейді олар. Елордада білім мен бизнес саласының өкілдері бас қосып, осы мәселені ортаға салды. 

Айгүл Ахметова, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасының кеңесшісі:

Менің ойымша жаһандану заманында бұл пән өте қажет. Мектеп кезінен бастап қаржылық, құқықтық сауатты ашуымыз керек. Кәсіп болса, нәсіп болады дейді. Балаларымыз болашақта мектеп қабырғасынан осыны түсіне бастаса. Болашақта мамандықтарын дұрыс таңдайды деп ойлаймыз.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу