Алматыда халықаралық компьютерлік жобалар жарысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықаралық компьютерлік жобалар жарысы өтті

08.06.2022

Алматы облысында балалар жылына орай халықаралық компьютерлік жобалар жарысы өтті. Өнертапқыштар додасы биыл осымен сегізінше рет ұйымдастырылып отыр.

Сайысқа елімізбен алыс-жақын шетелдерден 400-ге жуық оқушы қатысты. Шара барысында қатысушылар робототехника көрмесіне қатысып, роботтар сайысында бақ сынады. Жас өнертапқыштар жұмыстарын алты бағыт бойынша қорғады. Жарыс соңында қатарластарынан оқ бойы оза шапқандар анықталып, марапатталды.

Байқаудың мақсаты – ақпараттық технологиялар саласындағы шеберлікті шыңдап, ел абыройын əлемдік аренада асқақтату. Мұндай додалар жастардың шығармашылығын шыңдап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, дейді жеңімпаздар. 

Расул Абуов, компьютерлік жобалар жарысының жеңімпазы:
Осындай ІТ конкурстар бізге, әсіресе жасөспірімдерге өте жақсы. Себебі жасөспірімдер өздерінің еңбегінің құнын біледі. Әрі талпынады. Командамен жұмыс істейді. Жаңа стартаптарды бастау ойда бар. Бірақ осы стартапты дамыту жағын немесе жаңасын ашуды қарастырып жатырмын. 


Хабарламаларға жазылу