Алматы облысында ауыл шаруашылығы ақсап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында ауыл шаруашылығы ақсап тұр

30.10.2019

Екі жылдың ішінде ауыл шаруашылығына бөлінген 85 миллиард теңге басқа мақсаттарға жұмсалған. Алматы облысы, Жамбыл ауданына іс сапармен барған Мәжіліс депутаттары осылай деді. Бұдан бөлек, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында сатылып кеткен жер телімдері бос жатыр. Бұл кәсіп бастаймын дейтін азаматтарға үлкен кедергі. Себебі өңірлерде мал және егін шаруашылығына жер жетпейді. Сонымен қатар, ауылдағы кәсіпкерлерге жерден басқа, несие де қолжетімсіз. Ал қаржылық ұйымдар тек бизнесі дамыған, аяғынан нық тұрған бизнесмендерге қолдау көрсетеді. Алайда, «қарапайым шаруаларға немесе жаңадан кәсіп ашқандарға оңайлықпен қарыз берілмейді», - деді мәжілісмендер.

Нұржан Әлтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Көптеген өңірлерде осы жылы 36 миллиард теңгеден астам қазір мемлекет фермерлерге қарыз болып отыр. Фермерлерге айтылған, «сендер осындай немен айналысатын болсаңдар, сендерге субсидия беріледі» деп. Олар өздерінің қаражаттарын бір жерден кредит алып, жұмсады. Ал енді субсидия алайын десе, «қаражат жоқ» деген жауап естиді. Сондықтан осы жылы біз осы мәселені түбегейлі шешуіміз керек.

Алмат ӘБДІРАМАН


Хабарламаларға жазылу