Кәсіпкерлер онлайн кассалық аппараттар орнатуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер онлайн кассалық аппараттар орнатуы тиіс

29.10.2019

Патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер бақылау-касса аппараттарын пайдаланулары керек. 

Осылайша олар салық төлеудің жеңілдетілген түріне көшеді. Бұл туралы Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері айтты. Мамандардың сөзінше, бизнесмендер бақылау-касса аппараттарын жыл аяғына дейін онлайн режимде тіркеулері керек. Ал тіркелмегендерге Әкімшілік кодекстің 284-бабына сәйкес айыппұл салынады. Сондықтан қазір түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Ал ақпарат жетпеген кәсіпкерлер жеңілдетілген режимге автоматты түрде көшіріледі. 

Айжан Бекеева, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы:

Жеке кәсіпкерлерге жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Және де бұл шараға техникалық қызмет көрсету орталықтарынан келіп, мамандары өздерінің осы кассалық аппаратты қалай қолданысқа алып, қалай жұмыс істеуге көрсетіп, түсіндіріп жатыр.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу