Бақылау-кассалық машинасын қолданушылар қатары көбейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақылау-кассалық машинасын қолданушылар қатары көбейеді

01.11.2019

Кәсіпкерлер үшін маңызды жаңалық. Жаңа жылдан бастап онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолданушылар айрықша назарға алынады. Енді аталған құрылғыны қолдануға міндеттілердің қатарына шаруа қожалықтары да енгізіліп отыр. Жалпы алғанда, 1 қаңтардан бастап патент негізінде жұмыс істейтін субъектілер және бірыңғай жер салығын төлеушілер түгел қамтылмақ. Осылайша онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолданушылардың санын тағы да 500 мың субъектіге көбейту көзделіп отыр. 

Қаржы министрлігі мамандарының айтуынша, кәсіпкерлер үшін кассалық машина құрылғыларын сатып алуда ешқандай тапшылық жоқ, заманауи жабдықтар жеткілікті. Бұл шара бірінші кезекте салық түсімін көбейтуге септігін тигізбек және салық органдарына деректерді дереу қабылдауға, тіркеуге мол мүмкіндік бермек.

Ербол Мәндібек

Хабарламаларға жазылу