Испанияның Барселона қаласында 80 мыңнан астам адам шеруге шықты. Бұл жолы халық Каталониядағы сепаратизмге қарсылық білдіріп, ел тұтастығын сақтауға шақырды. Автономия тұрғындарының бір бөлігі өңірде шекара болғанын және оның корольдіктен дербестік алуын қаламай отыр.
Айта кетсек, Испанияда Каталонияның тәуелсіздігін талап еткен шерулер екі аптадан бері жалғасып жатыр. Ал, осы аймақтың сепаратистік 9 лидері түрмеге жабылған соң, жағдай тіптен ушықты. Қазанның 18-де наразылық акциясына қатысушылар саны рекорд көрсетіп, 500 мыңнан асқан.
Бейбіт манифестациялардың көбі полициямен қақтығысқа ұласты. Демонстранттар Каталонияға өзін-өзі басқару құқығын беріп, сотталған 9 саясаткерді босатуды талап етіп жатыр. Олар бұл талаптары орындалмаса, шерулерді тоқтатпайтынын ескертіп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ