ТМД елдері өз олимпиадасын өткізу туралы шешім қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД елдері өз олимпиадасын өткізу туралы шешім қабылдады

28.10.2019

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің өз олимпиадасы ұйымдастырылады. ТМД елдері үкімет басшыларының кеңесінде қол қойылған құжаттың бірі - осы. Алғашқы сайыс келер жылы Ресейде өтеді деп жоспарланып отыр. Және ол екі жылда бір рет ұйымдастырылады. Ойынды өткізетін ел орыс тіліндегі әліпби тәртібімен анықталады. Премьер-Министр Асқар Мамин Мәскеуге сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына да қатысты. Төртінші кездесуде түйткілді мәселелер қаралды, интеграциялық іс-қимылды жетілдіру жайы сөз болды. Индира Бегайдар жалғастырады.

ТМД-ға мүше елдердің арасында мобильді операторлардың роумингін алып тастау ұсынылды. Мәселен, Еуропалық одақ осы мәселені шешуге 10 жыл бойы тырысып, нәтижесінде тек 2017 жылы ғана ортақ байланыс орнады. Асқар Мамин заңнаманы тездетіп жетілдіріп,ортақ құжат қабылдау бойынша ұсыныс айтты. Сондай-ақ, дәріге қолжетімділік мәселесі де қаралды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

Сұранысқа ие танымал дәрілердің құрамын қосымша тексерудің мәні жоқ деп ойлаймын. Ол мүше елдердің бірінде тексерістен өтсе болды емес пе? Комиссияға бәсекелестік орта қалыптастыру үшін ұсыныстарды әзірлеуді сұраймыз. Цифрлық сауданы дамыту үшін жағдайлар жасау бойынша әзірленіп жатқан Жол картасы аясында үшінші елдерге тауарлар мен қызметтер экспортын ынталандыруға және цифрлық сауда арналарын дамытуға ерекше көңіл бөлуге шақырамын.

Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа шығаруға мүдделі. Өнім бар, ынта бар тек тиісті тетік жоқ. Өнімдеріміздің қайсы шетелде сұранысқа ие, экономикалық одақ осыған жуық арада талдау жүргізіп, тауарлар тізбесін жасауы тиіс. 

Дмитрий Медведев, РФ үкіметінің төрағасы:

Біз одаққа мүше елдерге қолайлы жағдайдлар жасау үшін жаңа ережелер қабылдап жатырмыз. Олар ашық әрі түсінікті болуы тиіс. Ал бар кедергілерке келер болсақ,  бұл өте маңызды тақырып. Бұл кедергілер жүзеге асырылып жатқан Жол картасы аясында жойылады.  Естеріңізге сала кетейін, алғашында 56 кедергі анықалған. Оларды біртіндеп жойып жатырмыз.

Үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша Сербия Республикасы мен Еркін сауда аймағы туралы келісімге, Ауыл шаруашылығында малға селекциялық-асыл тұқымдандыру жұмыстарын жүргізуді бірегейлендіруге бағытталған шаралар туралы келісімге қол қойылды. 

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу