Түркия президенті АҚШ-қа өтініш жасамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия президенті АҚШ-қа өтініш жасамақ

25.10.2019

Түркия АҚШ-тан күрдтерге бағынышты Сирия демократиялық күштерінің лидерін Анкараға тапсыруды сұрамақ. Мұны бейсенбінің кешінде президент Реджеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Оның ойынша, генерал Мазлум Кобани – террорист. Сондықтан бұл командир Құрама Штаттар мен Түркия арасындағы экстрадиция туралы заңға сәйкес Түркия полициясына берілуі керек. 

Ердоған Кобаниді ұстап беру туралы ұсынысын америкалық әріптесі Дональд Трампқа Вашингтонда қарашаның 13-де өтетін кездесуде жасамақ. 

Айта кетсек, Анкара сириялық күрдтердің отрядтарын 1984 жылдан бері Түркияның оңтүстік-шығысында көтеріліс жасаған Күрдістан Жұмысшылар Партиясының бөлімшесі деп есептейді. Алайда көрші елдегі күрдтер мұны үнемі жоққа шығарып келеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу