Үкімет басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысты тапсырма берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысты тапсырма берді

22.10.2019

Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасының алғашқы 5 жылдығы аяқталады. Үкіметтегілердің айтуынша, нәтиже жаман емес. Мәселен, аталған бағдарлама аясында еліміздің тиімді көлік-логистикалық жүйесі құрылды. Мыңдаған жұмыс орны ашылып, барлық бағыттар бойынша жоспарланған жұмыстар ойдағыдай орындалды. Енді «Нұрлы жол» бағдарламасының 2020-2025 жылдарға арналған жаңа жобасы іске асырылады. Бүгін осы мәселе бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндама жасады. 

Оның айтуынша, бұл жолы да көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға айрықша мән беріледі. Оның айтуынша, жаңа мемлекеттік бағдарламаға 2025 жылға дейін жалпы көлемі 6 триллион 600 миллиард теңгеге дейін қаржы қарастырылған. Премьер-Министр Асқар Мамин әріптестеріне шаруаның өте көп екенін ескере келе, әрбір іске тыңғылықты қарауды тапсырды. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 

Жалпы, бағдарламаның жаңа кезеңдегі тәсілдерінің негізгі бағыттарын қолдаймыз. Осыған байланысты Индустрия министрлігіне Президент Әкімшілігімен келіскеннен кейін, жаңа мемлекеттік бағдарламаның жобасын биылдың соңына дейін қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Ербол Мәндібек

Хабарламаларға жазылу