Ең ұзақ ұшқан ұшақ рекорд орнатты
Австралияның «Кантас» компаниясы жаңа рекорд орнатты. Оның жолаушылар ұшағы Нью-Йорктен Сиднейге дейін 16200 шақырымды тоқтамай ұшып барған. Және де бұл сапарға 19 сағат 16 минут уақыт кетті.
«Боинг Дримлайнер» ұшағының бортында экипаж мүшелерінен бөлек, 49 жолаушы мен компания басшысы Алан Джойс болды.
Ол мәлімдегендей, бұл – әлем авиациясындағы тарихи оқиға. Өйткені бұрын ұшақтар бір құрлықтан екіншісіне аялдамасыз ұшып бармаған.
Компания өкілдерінің сөзінше, әуе машинасының салонында отырған адамдардың жағдайын ұзақ сапарда нашарлатпау үшін оларға арнайы кесте бойынша ерекше тағам берілді. Сонымен қатар жолаушыларға дене шынықтыру үшін арнайы зона бөлінген.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
10.02.2026, 21:54
Deutshe bank: Алтынның бір унциясы 6 мың долларға жетуі мүмкін
10.02.2026, 21:21
Түркістанда көпірді су шайып кетті
10.02.2026, 21:17
Жаңа Конституция – заман талабы
10.02.2026, 21:11
«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын талқылады
10.02.2026, 21:08
Жаңа Конституция жобасын референдумға шығару ұсынылды
10.02.2026, 21:06
Жаңа Конституция жобасына қосымша нормалар енгізілді
10.02.2026, 20:41
Тимур Сүлейменов: Халыққа несие беру азаяды
10.02.2026, 20:38