Студенттік фильмдер фестиваліне жұмыстар қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттік фильмдер фестиваліне жұмыстар қабылдау басталды

10.11.2015
Студенттік фильмдер фестиваліне жұмыстар қабылдау басталды

Шарт бойынша үміткерлер жобаға ұзақтығы 3-5 минуттық қысқаметражды фильмдерін жолдай алады.

Туындылар деректі фильм, журналистік зерттеу, музыкалық видео немесе анимация түрінде қабылданады. Тақырып: әлем бойынша әйелдер мәселелері мен олардың шешілу жолдары.

Сондай-ақ, фестивальге аналардың денсаулығын қорғау, шағын қаржыландыру саласындағы бастамалар және кедейшілікпен күрес тақырыптары ұсынылады.

Байқаудың жүлде қоры - 20 мың АҚШ доллары. Өтінімдер қабылдау 15 қаңтарға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды ijnet.org. 

Хабарламаларға жазылу