Елді көмірдің күрделі мәселесінен құтқарып қалуы тиіс көгілдір отын бар. Обалы не керек бұл байлықта қазақ даласында ұшан-теңіз. Ірілері міне: Қарашығанық, Жаңажол, Теңіз, Қисымбай, Амангелді. Байлық бар, соны ұқсатып елге ұсынатын, артылғанын шетелге сатып бюджеттің бүйірін толтыратын шебер шенеуніктер керек бізге. Бұған дейін жауаптылардың жауапкершілікті бір-біріне арта салып, өзінен лауазымы үлкен қызметкер келсе иіліп жанры ертегіге келетін есептері елдің есінде. Сондықтан Мемлекет басшысы көптің мәселесін шешетін көгілдір отынға арнайы тоқталды. Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты кен орындарына қатысты ауқымды жобаларды одан әрі жүзеге асыру қажеттігін айтты. Қашағандағы мұнай өндіру деңгейін жүйелі негізде арттыру мақсатында Үкіметке Консорциумның мердігер компанияларымен бірлесіп, Қашаған кен орнын толыққанды игерудің Жол картасын келісуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев атқарылуы керек шаруаларды жіпке тізді міне, тайға таңба басқандай қадамдарды атап көрсетті. Қызметтік кресломнан айрылып қаламын ба деген жалғыз үрей жүйкелерін жейтін шененуніктер Президент айтқан істерді жанұшыра атқарады деп сенейік. Осы тұста тағы бір түйткіл бар. «Сарыарқа» магистральды газ құбырын тарттық. Орталық пен Солтүстік өңірлер көмірден құтылсын деп. Көпшілік көк түтінге тұншықпасын деген мақсат болды. Бірақ бұған да жауапты шенеуніктер жауапсыз қараған.
Сонымен көптің тілеуі көгілдір отын Елорда мен солтүстік облыстарға қашан келеді?
Еркін СЪЕЗҰЛЫ