Еуропада газ бағасы күрт қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада газ бағасы күрт қымбаттады

22.12.2021

Еуропада газ бағасы күрт өсті. Көгілдір отынның бір мың текше метрі 1700 долларға сатылып жатыр. Бұған қыстың салқын болуы, Германияға ресейлік газ тасымалының азаюы мен «Солтүстік ағын-2» газ құбырына қатысты қиындықтар бар.

Сонымен бірге, «Блумберг» агенттігінің хабарлауынша, Франциядағы ядролық реакторлар жұмысының тоқтауы да газ бағасының шарықтауына әкелді. Сарапшылардың болжамынша, Еуропада көгілдір отын құны алдағы уақытта қымбаттай береді.

Арай Төлегенқызы


Еуропа

Хабарламаларға жазылу