Республикалық бюджеттен 1 миллиард 400 миллион теңге үнемделді

18.10.2019

Республикалық бюджеттен имидждік жобаларға жұмсалуы тиіс 1 миллиард 400 миллион теңге үнемделді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрінің бірінші орынбасары мәлімдеді. Берік Шолпанқұловтың айтуынша, бұл бюджеттік үрдістерді жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың арқасында мүмкін болды. Осылайша, үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыруда кезінде 21 миллиард 340 миллион теңге оңтайландырылған екен. Мемлекет қаражатын тиімді жұмсап, тек маңызды жобаларға жұмсалуын қадағалау үшін министрлік бюджеттік заңнамаға өзгерістер енгізуді де жоспарлап отыр.

Берік Шолпанқұлов, ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары:

Бюджеттік жоспарлаудың сапасын арттыру мақсатында мыналар ұсынылады: бюджет процессі кезеңдері қайта қаралсын. Яғни шығыстар лимитін, стратегиялық жоспарды қалыптастыру сатысында анықтау қажет. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары негізгі рөл атқаратын болады.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу