Аслан Сәрiнжiпов: «Жасыл ел» бағдарламасына биыл 650 миллион теңге бөлiндi - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аслан Сәрiнжiпов: «Жасыл ел» бағдарламасына биыл 650 миллион теңге бөлiндi

22.04.2014
Аслан Сәрiнжiпов: «Жасыл ел» бағдарламасына биыл 650 миллион теңге бөлiндi
Бүгiн Астанада Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов «Жасыл ел» бағдарламасына бөлiнген қаражат туралы айтып бердi, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Олардың жалақыларын жұмыс берушiлер анықтайды. Алайда, бюджеттен әрбiр қатысушыға 17600 теңге көлемiнде бөлiнедi. Олар мемлекеттiк бюджеттен бөлiнген қаражатты ала алады. 2014 жылы республикалық бюджеттен 400 миллион теңге бөлiнген, жергiлiктi бюджеттен 250 миллион қарастырылған. Келесi жылы жергiлiктi бюджеттерден бөлiнетiн қаражатты көбейту көзделуде», - деп атап өттi министр.
 
Оның айтуынша, «Жасыл ел» қатарына 20-30 мың студент қабылданады. Олар негiзiнен өздерi оқып жүрген қаланы көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына тартылмақ.

Хабарламаларға жазылу