Қытай экономикасының қарқыны бәсеңдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай экономикасының қарқыны бәсеңдеді

18.10.2019

Қытай экономикасы үшінші тоқсанда 6,1 пайызға ғана дамып, қарқынының бәсеңдегенін байқатты. Бұл – 1992 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Жалпы ішкі өнімнің өткен кварталды осындай өсіммен аяқтағанын елдің статистика бюросының өкілдері бүгін Бейжіңде өткен баспасөз маслихатында жариялады. 

Қытай кейінгі онжылдықтарда әлемдік өсімнің локомотивіне айналды. Оның шикізатқа, машина жабдықтарына және түрлі тауарларға деген үлкен сұранысы дүниежүзілік деңгейде дамуға игі әсер етті. Енді, кейбір сарапшылар нөмірі екінші экономиканың баяулауы ғаламдық өндірісті рецессияға ұрындыруы мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу