2016 жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда ең көп сатылған автокөліктер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2016 жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда ең көп сатылған автокөліктер

17.06.2016
2016 жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда ең көп сатылған  автокөліктер

Елімізде жаңа көліктердің сатылу қарқыны бәсеңдеді.

Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, 2016 жылдың алғашқы 5 айында ресми диллерлер ел ішінде 18 мыңға жуық автокөлік сатқан.

Бұл - бір жыл бұрынғы осы уақытпен салыстырғанда 26 мың данаға аз.

Еліміз бойынша ең көп сатылатын жаңа көліктердің көшін LADA бастап тұр. Екінші орында RENAULT. Тізімде TOYOTA және WOLKSVAGEN 3-4 сатыда тұрса, бестікті HYUNDAI қорытындылайды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу