Ресей әншісі Диана Гурцкая Астанадағы көзі нашар көретін балалармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей әншісі Диана Гурцкая Астанадағы көзі нашар көретін балалармен кездесті

04.06.2015
Ресей әншісі Диана Гурцкая Астанадағы көзі нашар көретін балалармен кездесті

Бірі пианинода ойнаса, екіншісі әлемге танымал жұлдыздардың әндерін орындады. Балғындардың өнеріне тәнті болған әнші, тіпті орнынан тұрып олармен бірге ән салды.

Мейірімді әншінің даусын тура қасында тұрып тыңдаған талантты бозбала, «Диана, бұл сіз бе?» деп қайта-қайта әншінің қолынан ұстай берді. Жанары суалған әнші жігіт Гурцкаяны үлгі тұтады екен.

Танымал әнші де бөбектердің көңілін қалдырмайын деді ме, бір емес бірнеше ән шырқап берді. Осылайша бір сағатқа жоспарланған мерекелік шара екі сағаттан аса уақытқа созылды. 

Қазақ балаларының өнеріне тамсанған Диана Гурцкая оларды «Белая трость» фестиваліне шақырды. Бұл халықаралық байқау – әншінің мүгедек балаларды қолдау мақсатында қолға алған жобалардың бірі.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу