Алтын Орданың тарихы терең әрі дұрыс түсіндірілуі тиіс

17.10.2019

Алтын Орданың тарихы терең әрі дұрыс түсіндірілуі тиіс. Ал мәдениеті түркі халықтарының ортақ мұрасына айналуы керек. Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырған халықаралық конференцияда тарихшылар сол үдеден шығуға уағдаласты. Ғалымдар ұлы далада қанат жайған алып мемлекет туралы зерттеу еңбектерін ортаға салды.

Алтын Орда саясат құрбанына айналды. Алып империядан тек түркі халықтары емес, украина, орыс княздығы да шықты. Молдовияны құрған Дмитрий Кантемирдің өзі – ноғай ханзадасы. Солай бола тұра, тарихты бұрмалауға, тіпті, ақиқатты айтқызбауға пәрмен берілген.

Бүркіт Аяған, тарих ғылымының докторы, ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының директоры:

1949 жылы тамыз айында соғыс біткен жоқ әлі 45-ші жылғы, фашизм жеңілген жоқ. Бірақ ВКПб Сталин басқарған. Сол кезде татар партиялық ұйымы туралы арнайы қаулы қабылдайды. Сол қаулының негізгі әңгімесі – Алтын Орданы зерттеуді тоқтату және бұздыру.

Мұның зардабын қазақтың тарихшылары мен әдебиетшілері тартты. Олар сотталды. Салдарынан қазіргі кинотуындылар мен жазба еңбектерінде Еуропа мен Азияны уысында ұстаған тұлғалар тұрпаты ұсақталып бейнеленуде.

Бүркіт Аяған, тарих ғылымының докторы, ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының директоры:

Алтын Орданы көзі сығырайған, бойы кішкентай, аяғы талтақ, қисық біреулер қылып көрсетеді. Малақай киіп жүрген. Солай ғой.

Сондай-ақ Алтын Орда сәулет пен сауданың нүктесі болған. Италияға дейін бидай жіберген деген деректер бар. Яғни мемлекет басқару тәжірибесі, салық жүйесі, әскери өнер дәстүрі қалыптасқан, тіпті, пошта қызметі жолға қойылған. Кейін сол жетістіктер әлемге үлгі болды. Әйтсе де...

Дамир Исхаков, Тарих ғылымдарының докторы /Татарстан/:

Еуропалық елдер тарапынан теріс түсінік бар. Олардың санасында Алтын Орда жау мемлекет ретінде сақталған. Орыс санасында да Алтын Орда туралы ой жақсы емес. Себебі татар-моңғол қысымы оқу әдістемелерінде жүрді. Яғни жекелеген халықтардың ұлттық жады солай қалыптасқан.

Алтын Орда этностардың қалыптасу кезеңіне жатады. Сондықтан көзқарас әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ тарихшылар қай қырынан келсе де, ақиқат жолында тоқтайтындарын айтты.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу