«Ер Едіге» этно-фольклорлық тарихи драмасы көрерменге ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ер Едіге» этно-фольклорлық тарихи драмасы көрерменге ұсынылды

02.07.2022

Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры гастрольдік іс-сапармен Алматыға келді. Өнер ұжымы «Ер Едіге» этно-фольклорлық тарихи драмасын көрерменге ұсынды.

«Ер Едіге» тарихи драмасы – қазақ тарихындағы ең жарқын кезең Алтын Орданың 750 жылдығы аясында сахналанған тұңғыш қойылым. Едіге - қайсар мінезді қолбасшы, Алтын Орданың соңғы әміршісі. Оның есімі - ел аузында жатталып, елдік мүддені сақтап қалудағы батылдықтың үлгісі іспетті, дейді режиссер.  

Данияр Базарқұлов, қоюшы режиссер:

Филармония және драма театрды біріктірдік. Бұл жерде хор әртістері бар. Және «Арайлы Ақтөбе» ансамблі бар. Барлығының қатысуымен этно-фольклорлық тарихи драма деген жанрға келдік.

Хабарламаларға жазылу