Көкшетауда Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы аталып өтті

17.10.2019

Ақынды Ақмола өңірімен көп дүние байланыстырады. Бұл аймақтағы табиғаттың сұлулығы ақынның көптеген өлеңдеріне арқау болған. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ақмолада қызмет еткен. Ол ашқан «Тіршілік» газеті бүгінде «Арқа ажары» атауымен әлі де жарыққа шығып келеді. Осы және өзге де тақырыптар «Кербез Көкшенің ақиығы - Сәкен Сейфуллин» атты республикалық ғылыми конференцияда айтылды. 

Бүгінде ақынның шығармашылығы, өмірлік жолы мен қызметі жан-жақты зерттелуде. Оның ұлтына сіңірген еңбегі зор. «Қазақты қырғыз емес, қазақ дейік, қатені түзейік» деп алғаш болып мақала жазған Сәкен Сейфуллин. «Сондықтан оны әлі де зерттей түсу қажет», - дейді ғалымдар. 

Несіпбек Айтұлы, Сәкен Сейфуллин музейінің директоры:

Сәкеннің мұралары, Сәкеннің шығармалары күні бүгін халқымен бірге. Сәкенді зерттеу мәселесі өте жоғары деңгейде жүріп жатыр қазір. Барлық институттарда, әдебиет институттарында, әсіресе, біздің Сәкен музейінде Сәкеннің өмірі, Сәкеннің шығармалары насихатталуда.

Ермек Елберген 

Хабарламаларға жазылу