Қазақ-өзбек шекарасының шебіндегі кеден бекеттері қайта жөнделіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-өзбек шекарасының шебіндегі кеден бекеттері қайта жөнделіп жатыр

15.10.2019

Құрылыс жұмыстары барысында олардың қызмет көрсету аясы ұлғайып, толығымен техникалық жағынан қайта жарақтандырылады. Қазіргі таңда транзиттік жүк көліктеріне маманданған «Бауыржан Қонысбаев» кеден бекетінде құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі жүруде. Бұл жоба толық аяқталған соң кедендендегі автомобилге арналған жолақ қазіргідей екеу емес алтау болады. Бұл тәулігіне бір мың жүк көлігін кедендік тексеруден өткізуге мүмкіндік береді. Яғни екі ел арасындағы жүк тасымалы 5 есеге артады. Іргелес қонған ағайынның барыс келісі де жеңілдейді. Сондай-ақ қазір Сарыағаш ауданы аумағындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыс қазан айының соңында аяқталмақ. 

Баян Тұлғабаева, Түркістан Облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы:

Сонымен қатар департаменттің бізде ресми сайтында күнделікті таңғы сағат 9 бен кешкі 9 аралығында жарияланып отыр. Қай бекетте қанша автокөліктің санын сол жерден көруге болады. Келіп тіреліп жүрмес үшін басқа да кеден бекеттеріне баруға болады. Ресми сайтымыз және әлеуметтік желі бар. 

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу