«Nur Otan» партиясы «Жол үстіндегі кездесу» акциясын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясы «Жол үстіндегі кездесу» акциясын өткізді

11.10.2019

Нұр-Сұлтан теміржол учаскесінде 9 айда 4 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркеліп отыр. Жолаушылар оны көбіне әдейі істейді. Арасында қайғылы жағдайға душар ететін фактілер жиі кездеседі. Сондай келеңсіздіктен сақтандыру үшін көліктік прокуратура, «NUR Otan» партиясы өкілі мен желілік полицейлер пойызда акция өткізді.  

Вагондарда темекі тартуға тиым салынғаны кей жолаушыларға қиын болып тұр. Бірақ бұған дейін 1 ай көлемінде тек ескертумен шектелген полицейлер енді түтіндетіп тұрғандарды ұстаса жазалайтын болды. Бұл жалпы жолаушылар үшін жағымды жаңалық. 

Алайда жаман әдетке әуестер заңды елемей еркінсиді екен. Жыл басынан бері сондай 321 дерек тіркелсе, айналасы 10 күннің ішінде тағы 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек белгіленбеген орындарда сауда жасау, ортақ мүлікті бүлдіру, орынсыз жұрттың мазасын алу сияқты келеңсіздіктер кездеседі. Ең көбі ішімдік ішу мен қоғамдық орындарға мас күйде келу.

«Жол үстіндегі кездесу» акциясы жолаушылардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталды. Сондай-ақ тәртіпсіздікпен күресті халықпен бірлесіп жүргізу көзделген. Шара Қостанай-Алматы және Қостанай-Қарағанды бағыттарындағы пойыздарда өтті. 

Вагонда болатын құқықбұзушылықтардан басқағ өмірге қауіп төндіріп тұрған тағы бір жәйт бар. Ол теміржолды кесіп өту фактілері. Және ондай дерек көп. Тек биыл 9 айда 3600-ден астам адам құқық бұзса соның 2 мыңға жуығы белгіленбеген жерден өткен. Оларға әлбетте айыппұл салынады. Алайда солай жол қысқартамын деп өмірін қысқартып алулары мүмкін.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу