Президент бірнеше партия жетекшілерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент бірнеше партия жетекшілерімен кездесті

09.04.2019

Түске дейін бірнеше партия жетекшілерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ақпарат таратты.  Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады. Кездесу кезінде қоғамдық-саяси және күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Дулат ӘБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу