Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» романы АҚШ-та жарық көрді

10.10.2019

Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» романы америкалықтарға жол тартты. Құрама штаттардағы Индиана университетінің баспасы өз бастамасымен туындыны ағылшын тіліне аударып, жарыққа шығарған. Бұған дейін «Талтүс» романы Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тіліне аударылғанымен, кең таралмаған. 

Алдағы уақытта жазушының жары аталған туындыны орыс тіліне тәржімалап, оқырманға ұсынатынын айтты. Таласбек Әсемқұлов – дәстүрлі күйші, жазушы, аудармашы, кинодраматург, музыка, тарих зерттеушісі әрі домбыра жасаудың шебері. «Талтүс» автографиялық романы - автордың көзі тірісінде жарық көрген жалғыз кітабы. Шығармада жазушының балалық шағы, әкесі мен ұстаздарынан алған қазақтың музыкалық дәстүрлері туралы баяндалады. 

Зира Наурызбаева, Т.Әсемқұловтың жары, мәдениеттанушы:

Бізде біраз нәрсе шығып жатыр ғой ағылшын тілінде. Мемлекет қолдауымен, жеке демеушілер қолдауымен. Бұл жерде таза баспагерлердің өз жобасы. Олар өз қаражатын соған құйды.

Саламат Омаш


Хабарламаларға жазылу