Жыр болған Торғайдың жолы жөнделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыр болған Торғайдың жолы жөнделді

09.10.2019

Жыр болған Торғайдың жолы биыл жөнделіп бітті. 300 шақырымға созылатын Арқалық-Торғай тасжолына күрделі жөндеу 2007 жылы басталған еді. Алайда 2016 жылға дейін 118 шақырымы ғана тегістеліп, жұмыс өнбей қойған. Себебі күрделі жөндеуге қаржы көп жұмсалады. Кейін еліміздің астанасы мен Батысты жалғайтын күре жолдың жобасы осы бағытпен өтетін боп бекіді. Сондықтан Торғайға баратын даңғылды күрделі емес, орташа жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды. Соның арқасында жұмыс жылдамдап, екі жылда 4.5 млдр теңгеге 150 шақырым жол тегістеліп бітті. Ендігі меже – аудан аумағындағы жолдарды қалыпқа келтіру. 

Шота Оспанов, Жангелдин ауданының әкімі:

Торғай-Шұбалаң-Көкалат аудандық маңызы бар автожолдың жөндеу жұмыстарына 2019-20 жылдарға 1,8 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда соның 246 млн 609 мыңы игеріліп жұмыс атқарылып жатыр. Қарасу өзенінің үстінен өтетін көпір жөнделді. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу