Президент Жамбыл облысы әкімінің есебін тыңдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жамбыл облысы әкімінің есебін тыңдады

09.09.2021

Президент Қасым Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Әкім Байзақ ауданында болған төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысы туралы баяндады. Қайта қалпына келтіруді 10 қарашаға дейін аяқтау жоспарланған.

Жібек жолы ауылындағы қираған мектептің орнына жаңасы салынбақ. Ал, жарылыстан қаза болғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіліп жатыр. Зардап шеккендердің отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру мәселесін шешу жоспарда бар. Олардың банктердегі несиесі өтеледі. Жалпы, апаттан 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық және 4 әлеуметтік нысан қираған. Бүгінге дейін 62 үй жөнделді. 26 адам стационарда ем алып жатыр. Олардың 15-і әскерилер, полицейлер мен төтенше жағдай қызметкерлері. Бердібек Сапарбаев Президентке облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы да есеп берді.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу