Петропавлда мектеп құрылысына кедергі болған үй жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда мектеп құрылысына кедергі болған үй жанып кетті

07.10.2019

Петропавлдағы «Жас Өркен» ықшам ауданында құрылысы аяқталайын деп жатқан мектептің жанындағы үй жанып кетті. Өрт сөндіру қызметі бірден оқиға орнына жетіп, тілсіз жауды толықтай өшірген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Үй біраз уақыт бос тұрған. Жаңа мектептің қасынан балаларға арналған спорттық нысанның құрылысын бастау үшін, жергілікті билік өкілдері үйдің иелерімен осы күнге дейін келіссөз жүргізген. Оларға 2 бөлмелі пәтер беріп, баспананы босатуды сұраған. Алайда, тұрғындар бұл ұсынысты қабылдамай, екі бөлмелі пәтердің орнына үш бөлмелісін сұраған. Біздің тілшілеріміз бұл даулы мәселені осыдан бір ай бұрын да көрсеткен еді.

Асқар Хабибулин, Петропавл қаласының әкімінің орынбасары:

Қазіргі таңда бұл үй қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің есебінде тұр. Жалпы аумағы шамамен 80 шаршы метр. Сонымен қатар, бүгін осы отбасыны осы үйден шығарту мәселесіне қатысты отырыс өтуі қажет еді. Заңды тұрғыдан барлық тиісті талаптар сақталды деп толықтай айта аламын. Қазіргі кезде өрттің неден шыққанын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ



Хабарламаларға жазылу