Петропавлда саяжай кооперативтері өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда саяжай кооперативтері өртенді

13.04.2022

Петропавлда саяжай кооперативінен алапат өрт шығып, бірнеше үй жанып кеткен. 

Эльмира Кәленова, тілші:
Өрт кеше кешқұрым тұтанып, қатты желдің әсерінен тез таралған. Барлығы 5 саяжай кооперативін жалын шарпып, жалпы аумағы 10 гектар жер жанып кетті. Өрттің шығуына қурайдың жануы себеп болған.
Марат Сыздықов, өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары:
Қатты жел соғып, жұмысқа кедергі келтірді. Саяжай учаскелері бір-біріне жақын орналасқандықтан техника қозғалысы қиындады. Оқиға орнында өрт сөндірушілермен бірге полиция, жедел жәрдем қызметі, жергілікті атқарушы орган өкілдері де келді.

Үйлерді жалын шарпығанымен адам шығыны жайлы мәлімет жоқ. Тұрғындар құтқарылды дейді мамандар. Отты ауыздықтау үшін 70 өрт сөндіруші жұмылдырылып, олар 5 сағат бойы жұмыс істеген. 12 техника тартылған. Қазір шығын көлемі есептелуде. 

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу