Мұғалім рухани және технологиялық өзгерістердің шыңы болуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұғалім рухани және технологиялық өзгерістердің шыңы болуы керек

04.10.2019

Мұғалім рухани және технологиялық өзгерістердің ең шыңы болуы керек. Бүгін бас қалада «Президенттің халыққа Жолдауы: мұғалімнің әлеуметтік рөлін арттыру аспекті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мен қалалық білім беру ұйымдарының оқытушылар құрамы қатысқан отырыста педагогтың мәртебесін арттыруға қатысты өзекті мәселелер жан-жақты сараланды. Жиналғандар әсіресе «Педагогтың мәртебесі туралы» заң жобасына енгізілген мұғалім құқығын кеңейту, білім беру жүктемесін төмендету, материалдық-материалдық емес ынталандыру, білім беру жүйесін жетілдіру сынды сұрақтарды қызу талқылады.

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

Адам капиталын болашақ болмысқа сай дамыту, сәйкестендіру-ол мұғалімнің ең негізгі мәселесі. Сондықтан бүгінде болашағымыздың кепілі – пелдагог статусы қарастырылу керек. Осы тұрғыда мұғалімдердің әлеуметтік болмысы, интеллектуалдық және материалдық қамсыздандыруы, ол- бүгінгі таңда өте өзекті.

 Айман Дүйсенбаева, ҚР БҒМ Мектепке дейінге және орта білім департаментінің басқарма басшысы:

Қоғамдағы мұғалімнің рөлі өте жоғары болу керек. Ол ақшаға да байланысты емес шығар. Жан-жақты қоғам, ата-ана, баланың өзі мұғалімге деген көзқарасы өзгеру керек сияқты. Осы заңда көп мәселелер айтылған.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу