Қоғамдық қабылдау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық қабылдау өтті

04.10.2019

Қазақстан азаматтары Сыртқы істер министрлігіне көбінде шетелде жүрген азаматтардың құқығын қорғау мәселесі бойынша өтініш білдіреді. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қоғамдық қабылдау барысында айтты. Бүгін министр қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың көкейінде жүрген сауалдарын тыңдады. Министр АҚШ-қа оқуға бару үшін виза ала алмай жүрген азаматтың мәселесінің шешілуіне көмектесетінін жеткізді. Атап айтсақ, Алматы тұрғынының атын пайдаланып, өзге біреу Америкаға виза алған. Соның салдарынан, Құрама штаттарда білім алып жүрген студент оқуын жалғастыра алмай отыр. Сондай-ақ, Мұхтар Тілеуберді Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат ала алмай жүрген адамның жағдайына жәрдемдесетінін айтты.  

Бауыржан Қайсабеков, «Nur Otan» партиясы Республикалық Қоғамдық қабылдау бөлмесінің кеңесшісі:

Осы жылдың 9 айында біздің партиямызға 50-ден астам осы Сыртқы істер министрлігінің құзіреті бойынша өтініш түсті. Сол бүкіл өтініш бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, жауаптар берілді. Осы бүкіл көтерілген сұрақтар міндетті түрде партияның бақылауында болатынын айтуға тура келеді. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу