Геннадий Головкин Деревянченкомен айқас алдында ашық жаттығу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин Деревянченкомен айқас алдында ашық жаттығу өткізді

02.10.2019

Геннадий Головкин украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жұдырықтасу үшін Нью-Йорк қаласына келді. 

Естеріңізге сала кетсек, былғары қолғап шеберлері 5 қазан күні атақты Madison Square Garden аренасында қолғап түйістіреді. Спортшылар IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы деген атаққа таласпақ. Бүгін боксшылар ашық жаттығу өткізіп, ертең айқас алдындағы баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр. Ал бұл үлкен шоудың андеркартында тағы бір отандасымыз Али Ахмедов америкалық Эндрю Эрнандеспен шаршы алаңға шығады. 

Бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары 6 қазан күні таңғы сағат 05:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу