19 күннен кейін Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегін өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

19 күннен кейін Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегін өткізеді

28.02.2017
Бұл жолғы қарсылас америкалық Дэниел Джейкобс болмақ. Шаршы алаңдағы айқас Нью Йорктегі әйгілі «Мэдисон Сквер Гарден» сарайында өтеді.
Қазір орта салмақтағы Әлем чемпионы Головкин кездесу алдындағы жаттығу жұмыстарын Big Bear Summit кешенінде өткізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін қос боксшы бәсеке алдында тапсыратын допинг сынамадан сәтті өткен.

Еске салайық, наурыздың 18-іне жоспарланған кездесуді «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «Казспорт» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Рустам БАЙДАУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу