Елімізде 16 млн-нан астам қой бар. Бірақ оның тек 25-30 пайызы ғана қолдан ұрықтандырылады. Ал малды қолдан ұрықтандыру алынатын өнім сапасын жақсартудың, мал тұқымын асылдандырудың алғы шарты. Алматы облысында күзгі қой ұрықтандыру науқаны басталды. Осыған орай республикалық қой шаруашылығы палатасы жетісулық шопандар қауымына қойды қолдан ұрықтандыру тақырыбында семинар ұйымдастырды. Басқосуда ғалымдар қолда бар малды асылдандырудың жолдарын түсіндіріп, қой шаруашылығындағы жаңалықтармен бөлісті. Палата мамандары қазіргі таңда малшы қауымға әмбебап ұрықтандыру кешендерін және басқа да жылжымалы пунктердің қызметін таныстырды.
Тынышбай Досымбеков, Қой шаруашылығы палаталар кеңесінің төрағасы:
Мұның ішінде бүкіл лаборатория, светі, пеші, алып жүретін астындағы салатын арбасы, вагоны, будкасы барлығын бірақ жинап аласыз да қалаған жерге қоясыз да малды ұрықтай бересіз. Бұл ең приемлимый вариант. Екінші мәселе көшпелі қырықтық. Оны да бітірдік.