Елімізде медициналық қызметтің сапасын жоғарылату және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында арнайы байланыс орталығы өз жұмысын бастады. Қарапайым азаматтар орталыққа хабарласып емдеу мекемелеріне қатысты ақпарат алып, өтініш немесе шағым бере алады. Тіпті ақ халаттылардың қызметіне баға да беруге болады.
Келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енеді. Осыған байланысты жұрт арасында түрлі сауалдар да жиілеген. Бұл сұрақтардың барлығына нақты жауап қату үшін арнайы 1406 колл орталығы іске қосылды.
Ақтолқын Сұлтанова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ менеджері:
Негізгі қозғалатын мәселелерді бірі, ол — қай уақыттан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төленеді және аударымдардың уақытылы түсу-түспеуі туралы. Сонымен қатар медициналық мекемелерге тіркелуіне қатысты сұрақтар болады.
Бүгінде бұл орталықта 6 қызметкер жұмыс істейді. Бір айға жуық уақыттың ішінде мың жарыманан аса азаматқа көмек қолын созған.
Арнұр Қабденов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ аға менеджері:
Байланыс орталығы 9-00-ден 18-30-ға дейін жұмыс істейді. Барлық телефон операторлары үшін қоңырау шалу тегін. Демалыс күндері түскен қоңырауларды, шағымдарды келесі жұмыс күні қайта қарастырып, қайта звондап шығамыз.
Ал осы уақыт аралығында 50-ге жуық азамат емдеу мекемелеріне байланысты шағымын білдіріпті. Олардың барлығы да тез арада қарастылып, жауабы берілген.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ