Ақпарат құралдарында сыра және шарап өнімдерін жарнамалауға рұқсат берілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат құралдарында сыра және шарап өнімдерін жарнамалауға рұқсат берілуі мүмкін

27.09.2019

Елімізде сыра мен шарап өнімдерін жарнамалауға қайтадан рұқсат етіледі. Қазір қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіліп, оның жобасы қоғам талқысына салынып жатыр. Бұл мәселені бүгін Қоғамдық кеңес мүшелері өзара талқылады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің департамент директоры Бахнияз Қарашинаның айтуынша, отандық телеарналар сыра мен шарапты түнгі 10-нан таңғы 6 ға дейін жарнамалауға құқылы болады. Яғни, балалар уақытынан тыс сағаттарда көрсетіледі. Әрбір жарнамадан кейін алкоголь өнімдерінің зияны туралы ақпарат ұсыну міндеттеледі. Сонымен қатар, жас ұрпақтың санасын уламау мақсатында салауатты өмір салтын ұстануға қатысты әлеуметтік роликтер жиі көрсетіледі. Еске салайық, елімізде 2004 жылдан бері алкоголь өнімдерінің жарнамасына тыйым салынған. Алайда, шетелдік телеарналар ешқандай шектеусіз шарап өнімдерін жарнамалап жатқаны жасырын емес.

Дәурен Абаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Ресейдің басқа да сіздер қазір телеарналардан көріп жатырсыздар олардың жарнамасы жүріп жатыр. Ал біздің өнімдердің жарнамасы жүріп жатқан жоқ. Тағы бір мәселе бізге қаржы береді жалпы денсаулық сақтау шараларын қолға алу мәселесі біз Денсаулық сақтау министрлігімен бірге бұл мәселені қарастырғанбыз.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу