Кітапхана қызметі туралы арнайы заң қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кітапхана қызметі туралы арнайы заң қажет

25.09.2019

Бұл туралы бүгін кітапханашылардың республикалық көркемдік кеңесінде айтылды. Қазіргі таңда құжат дайындалып жатыр. Мамандардың пікірі ескеріліп, кем-кетігі түзетіліп әділет министрлігіне өткізіледі. Бүгінгі таңда сала жұмысында көп нәрсенің нақты заңдық ережесі жоқ. Авторлық құқық мәселесі бойынша да көптеген сұрақ бар. Электрондық кітапхана саласында да түсініспеушіліктер боп жатады. Сол себепті бұның бәрі заң аясында реттелуі керек дейді кітапханашылар. Бұдан бөлек жиын барысында мамандар тапшылығы мен жаңа технологияларды енгізу мәселесі де талқыға түсті. 

Бибігүл Шагиева, ШҚО А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана директорының орынбасары:

Кітапханада кадр мәселесін шешу керек деп ойлаймын. Кітапханаға жаңа мамандарды әкелу керек. Олар мықты программистер, мықты менеджер болу керек. Сондықтан кітапхана мамандарының жалақысы да мықты болу керек. Жоғарылату керек. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу