Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жастармен кездесті

19.09.2019

Соңғы жылдары жастардың ғылымға құштарлығы қатты байқалады. Алматыда өтіп жатқан жаһандық университеттердің саммитіне қатысқан ғалымдар осындай ортақ ой айтты. Осы саладағы озық жобалардың бір сыпырасы бүгін Үкімет мүшелерінің назарына ұсынылды.

Ербол Мәндібек, тілші:

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет мүшелерінің жұмыс сапары білім беру және ғылымды дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысудан басталды. Жалпы елімізде білім саласы жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылатыны мәлім. Оның көлемі де жыл сайын ұлғайып келеді. Жоғары оқу орындары қайта жаңғыртудан өтіп, материалдық техникалық әлеуетін арттыруға мән берілуде. Бұл ретте Алматы қаласы жақсы көрсеткіштерге ие екені айтылды. Мәселен, қазір қаладағы барлық жоғары оқу орындары жаппай инновациялық идеяларды іске асыратын орталықтар ашуда. Мысалы, мына орталықта сызба нұсқадағы ғылыми жобалар нақты іске асырылады.

Әмірхан Темірбаев, Инновациялық орталықтың директоры: 

Сондай-ақ, бүгін мектеп ұстаздарымен де кездесу өтті. Онда негізінен мұғалімнің мәртебесіне, жалақысына қатысты сұрақтарға түсініктеме берілді. Өз кезегінде, Бердібек Сапарбаев ұстаздардың мәртебесіне, материалдық жағдайына қатысты мәселе басты назарда екенін айтты. Бұдан бөлек ата-ана мен мұғалімнің қарым-қатынасы, бала тәрбиесі тақырыбы кеңінен талқыланды.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары: 

Алып шаһар Алматының мәселесі бір басына жетіп артылары белгілі. Қала тіршілігінің тынысын тыңдап, күнделікті өмірін бақылап отырған қоғамдық ұйымдар, азаматтық белсенділер ең бастысы қаймана қауым бар. Бүгін шаһар жұртшылығымен де кездесу болып, халықтың көкейіндегі сұрақтарына жауап берді. Үкімет мүшелері ертең жұмыс сапарымен Семей қаласына аттанады.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу