Допинг қолданған спортшылар сыйақы мен баспанадан айырылуы мүмкін

18.09.2019

Допинг қолданған спортшылар сыйақыдан, баспанадан айырылуы мүмкін. Дене шынықтыру және спорт туралы заңнамаға өзегістер енгізу туралы құжатты Мәжіліс екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасында допинг қолданған, оны қолдануға мәжбүрлеген тұлғаларға қатысты әкімшілік жауапкершілікті енгізу қарастырылған, оның көлемі 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни 505 мың 400 теңге. Сондай-ақ жарыстың жойылған нәтижесі үшін ақшалай ынталандыруды қайтарып алу, спортшылар мен бапкерлерге өмір бойғы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру төлемінен айыру көзделген.

Наталья Жұмаділдаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мұнымен қоса, чемпиондармен жүлдегерлерге жергілікті атқарушы органның коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға баспана беру, ал 10 жыл өткен соң оны меншікке алу негіздері бекітіледі. Бұл ретте, әлемдік біріншілік чемпиондары мен жүлдегерлері қайтыс болған жағдайда, осы тұрғын үйді меншікке алу үшін олардың мұрагерлерінің мүдделерн ескеру ұсынылды.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу